щю Сәлем қыздар тағыда . Бұл жолы ұсынатын тəттім . Печеньеден жасалған торт 🎂🍰пісіріп əуре болмайсыңдар . Əрі дәмді жəне тез дайын болады .
РЕЦЕПТЫ:
800 ГР ПЕЧЕНЬЕ
100 ГР ЖАҢҒАҚ
200 ГР ШЕКЕР
60 ГР КАКАО
240 МЛ СУ
150 ГР СЛИВОЧНЫЙ МАЙ
1 ПОЧКА ВАНЕЛИН
120 ГР ШОКОЛАД БЕТІНЕ ҚҰЙУҒА .
Ең алдымен печеньлерді қолмен сындырып аламыз . Үлкендеу ыдысқа салып қоямыз сындырып . Шекер , май , какао , суымызды араластырып отқа қайнатамыз 8-10 минуттай . Отты сөндіріп 15 минут суытамыз . Суыған соң ванелинді салып араластырып печенье мен жаңғақтың үстіне құямыз . Жақсылап араластырып дм 25 қалыпқа құямыз . Жақсылап тегістеп жайып холодильникке 30-60 минутқа қоямыз . 30 минуттан кейін алып бетіне шоколадты ерітіп құямыз да холодильникте 5-6 сағатқа қалдырамыз . Дайын болған торттымызды алып формадан шешіп бетіне печенье сындырып сəндейміз , жаңғақпен əсемдеседе болады . Ал қыздар торттымыз дайын . Крекер печенье қолдансаңдар болады . Менде болмады сондықтан топленое молоко печеньесін қолдандым .